• Басты
  • ДСМ «Дені сау бала – салауатты болашақ!» акциясын өткізуде

ДСМ «Дені сау бала – салауатты болашақ!» акциясын өткізуде

1 Маусым, 2014 10:02
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде республикамыздың барлық өңірінде «Дені сау бала – салауатты болашақ!» ұранымен іс-шаралар өтуде.

Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында саламатты бала кабинеттері, жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді.

Еліміздің барлық өңірлерінде Халықаралық балаларды қорғау күні аясында көптеген іс-шаралар өткізіледі, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Мысалы, Астанадағы Ана мен бала ұлттық орталығында кішкентай науқастар алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Орталықта 1 маусымда науқас балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылады.

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері 23 мамырдан бастап күн сайын емханада дене келбетінің бұзулуы, омыртқасының өзгеруі сияқты мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Орталық мамандары 23 мамыр мен 10 маусым аралығында балалар үйлері мен бірқатар мектептерде балаларға тексеру жүргізеді.

Мамыр-маусым айларында дәрігерлер балалар үйлері, патронатты отбасыларда, балалар ауылдарына барып, дәрігерлерлік тексеру өткізеді.

Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен сопорттық шаралар, футбол, волейбол, баскетбол, мәнерлеп сырғанау, жеңіл атлетика және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар спорт ардагерлері, олимпиада чемпиондары және өзге де танымал адамдардың қатысуымен өткізіледі.

Барлық ұйымдастырылатын іс-шаралар болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіруге бағытталатын болады.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар