- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД елдері Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
ТМД елдері Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Отырыста Достастық елдерінің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған жиырмаға жуық маңызды экономикалық, гуманитарлық және ұйымдасытру мәселесі қаралды, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталында хабарлады.
Нақты айтқанда, 2020 жылға дейін ТМД қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығы мемлекетаралық бағдарламасы мен оны жүзеге асыру бойынша 2012-2014 жылдарға арналған Іс-шаралар кешенінің 2013 жылы орындалу барысы талданды.
Өз сөзінде Б.Сағынтаев атап өткендей, «экономика саласында негізгі міндеттер инновациялық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылығы нарығын дамыту және ТМД қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады».
Ғылыми-техникалық ақпаратты мемлекетаралық алмасу сферасындағы ынтымақтастық пен көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ТМД мемлекеттерінің ақпараттық өзара іс-қимылын регламенттейтін Келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, радионавигация және гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша шаралар белгіленіп, тауарлардың шыққан елін анықтау Ережелеріне өзгертулер енгізілді.
Бұдан өзге, гуманитарлық сферадағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. ТМД елдеріндегі ұлттық спорт түрлерін дамытуға, Достастық елдерінде малдың аусылмен ауыруының таралу қаупімен күреске бағытталған шаралар әзірленді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәмелетке толмағандардың өздерінің тұрақты өмір сүретін мемлекеттеріне қайтуына, табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, қарулы күштерді топогеодезиялық және навигациялық қамтуға, сондай-ақ гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ТМД мемлекеттері қарулы күштерінің инженерлік әскерлерінің ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.
ТМД ҮБК келесі отырысы ағымдағы жылдың 21 қарашасында Ашхабадта өтеді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы