Мәжілісмендер Сыр өңірінің тыныс-тіршілігімен танысты

1 Маусым, 2014 10:36
ҚР Парламенті Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қызылорда өңірінде жұмыс сапарымен болды.

Қалаға қарасты Ақсуат елді мекенінде болып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Халық қалаулылары «Smart Rubber» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Аталған мекеме жарамсыз шинаны өңдеумен айналысады. Инновациялық жобаның экологиялық тұрғыдан тигізер пайдасы көп.

Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорны жылына 2,5 мың тонна шина қабылдап, одан 1,5 мың тонна резеңке ұнтағын шығарады.

Ал «ҚазРоссИннавация» мекемесі ауызсуды сүзгіден өткізетін қондырғыны құрастырумен айналысуда. Депутаттар инновациялық жобалардың ауылдық жерде көбейіп жатқандығыны қуантады дейді.

Сондай-ақ, халық қалаулылары кеше ғана үш елдің басшысы қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім отандық өнімді өзгелерге өткізуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Айта кетейік, 31 мамыр күні Қызылорда қаласында осы комитет мүшелерінің және облыс әкімінің қатысуымен Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

 

Барлық жаңалықтар