• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД елдерінің қылмыстық кірістерін заңдастыруға қарсы мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілді

ТМД елдерінің қылмыстық кірістерін заңдастыруға қарсы мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілді

31 Мамыр, 2014 10:02
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекітті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құзыретті органдарға:Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі – уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) жатады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар