- Басты
- Жаңалықтар
- Интеграциялық үрдістерді сапалы деңгейге жеткізу қажет– Г.Қарағұсова
Интеграциялық үрдістерді сапалы деңгейге жеткізу қажет– Г.Қарағұсова
«Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімнің ақырғы құжатына мен Қазақстанның азаматы және экономисі ретінде қанағаттанамын. Өйткені бұл шын мәнісіндегі экономикалық одақ. Шын мәнісіндегі экономикалық кеңістік. Бұл ұлы өзгерістерге толы жолдың басы ғана», - дейді депутат.
Оның айтуынша, аталмыш одақтың құрылуы кәсіпкерліктердің мойнына жаңа жауапкершіліктер жүктейді. Бәсекелестік артып, бизнес өкілдерінің ендігі кезекте қосымша міндеттемелері де көбеймек. Алайда бұл тұтыну нарығын кеңейтіп, ел экономикасына оң әсер етпек.
«Адам капиталы, тауар мен қызмет қозғалысына барынша еркіндік беріледі. Өйткені бірыңғай экономикалық кеңістікте ветеринарлық, санитарлық талаптар ортақ болып, қызмет пен өнім бойынша бірыңғай техникалық реттеулер енгізілмек. Біздің жастар бұдан былай одақтың кез келген мемлекетінде еркін білім ала алады», - дейді ол.
Депутаттың пікірінше, қазіргі таңда интеграциялық үрдіссіз өмір сүру мүмкін емес. «Интеграциялық үрдістер біздің экономиканы жаңа деңгейге көтереді».
Сонымен қатар, ол Еуразиялық экономикалық одақты Еуропа одағымен салыстыруға болмайды. «Екі одақтың шарттары да жағдайлары да екі түрлі. Біздің сапа талаптарымыз да алуан түрлі», - дейді төменгі палата өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан, Ресей мен Беларусь Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек -
Қазақстан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қашан қамтамасыз етілмек -
Мемлекеттік сатып алу: Жеткізушілерді таңдау, кімдерге басымдық беріледі/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар -
Шымкенттегі шағын аудандар сапалы интернетпен қамтылады -
А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды -
Б.Аяған: Cаяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтауды соңына дейін жеткізуіміз керек -
Мәртебелі мұғалім сапалы ұрпақ тәрбилейді - педагог
-
А. Мамин өңірлерге «ақылды қалалар» эталондық стандартын сапалы енгізуді тапсырды -
Президенттің барлық бастамаларын жергілікті жерлердегі халыққа жеткізу маңызды – Елбасы