• Басты
  • Сенатта қаржы секторын дамыту мен инфляцияны төмендету мәселелері талқыланды
30 Мамыр, 2014 17:41

Сенатта қаржы секторын дамыту мен инфляцияны төмендету мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту мен инфляцияны төмендету мәселелері бойынша депутаттардың Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Ұлттық банк жетекшілігімен кездесуі өтті.

Сенатта қаржы секторын дамыту мен инфляцияны төмендету мәселелері   талқыланды | Strategy2050.kz

Депуттардың алдында сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкіметте Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену тұжырымдамасының негізгі қағидасын іске асыруға бағытталған 2014 жылға дейінгі бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық шаралардың Жол картасы қабылданғанын айтты.

Оның айтуынша, экономикалық өсімді ынталандырудың басты көздерінің бірі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2014-2015 жылдары Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлу болып табылады. Биылдан бастап біртіндеп 500 млрд теңге бөлінетін болады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндеттемесінде көрсетілген тапсырмаларға назар аударды. Өздеріңізге де белгілі, Үкімет пен Ұлттық банкке биылдан қалдырмай инфляция деңгейін 3-4 пайызға дейін төмендету мен 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамытудың кешенді бағдарламасын жасау міндеттелген.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды