- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ноғаев: Бизнестің басты даму факторы - бәсекелестікке төтеп беру
Н.Ноғаев: Бизнестің басты даму факторы - бәсекелестікке төтеп беру
Оның айтуынша, кәсіпкерліктің бәсекелестігін арттыруға арналған мемлекеттік қолдау құралдары барынша жан-жақты қарастырылған.
«Мысал ретінде біздің өңірдегі шағын және орта бизнеске деген мемлекеттік қолдау шараларын жоғары бағалар едім. Әу баста аз ғана жұмыскермен және аз ғана капиталмен нарыққа араласқан «Стеклосервис» компаниясы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар, қазіргі таңда ол өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналды. Өндірілетін өнімнің 50%-ы экспортқа шығарылады», - дейді әкім.
Н.Ноғаевтің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау біздің басты мақсатымыз. Әкімшілік кедергілерді алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Қаржылық қолдау да көрсетілуде. Біздің Ресей мен Беларуське ұсынатын тауар түрлеріміз өте мол. Осы орайда біздің кәсіпкерліктердің географиялық ауқымын кеңейту керек.
Облыс әкімінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бүгінгі таңда үлкен туристік мүмкіндікке ие. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, соның ішінде туристік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Қазақстанның осы саладағы артықшылықтарын ескерсек, бұл қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыты. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мақсатында халықпен қоян-қолтық жұмыс жүргізілуде.
«Облыс басшылығы мен туристік қауымдастықтың мүддесі инвесторлардың қызығушылығымен сәйкес келуі маңызды», - дейді әкім.
Динара Сүгірбаева
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері