- Басты
- Жаңалықтар
- ККМ «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 48 филиалына тексеру жүргізуде
ККМ «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 48 филиалына тексеру жүргізуде
Бүгінгі күнге теміржолдың магистральдік желісінің бірқатар учаскелері жабылды және қозғалыс шектелді. Айталық, рельс сорабының тарылып кетуіне байланысты «РЗД-17 – РЗД-33» және «Қарағанөзек – Қарабас» учаскелеріндегі қозғалыс жабылды. Кейінгісіндегі қозғалыс бұдан бұрын ашылған бұзушылықтарды сапасыз түзегендігі үшін қайта жабылғандығын атап өтуге тура келеді. Мұның сыртында «Лисаков-Алтынсарин», «Жарық-Жаңаарка», «Қарабас – ОП 767», «РЗД-17 – РЗД-33», «ОП42 – Қарағанды».учаскелеріндегі қозғалыс жылдамдығы шектелді. Қазіргі кезде тексерістер жалғастырылуда, деп көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.
Теміржол көлігіндегі ірі ереже бұзушылықтар жиілеп кетуіне байланысты Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Алматы қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиналыстар өткізгендігін атап өткен жөн. Кездесулер барысында теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Теміржолдың қозғалмалы құрамы мен жолдарының пайдаланылуының тоқтатылуының негізгі себептері жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі, вагондар тораптары мен бөлшектерінің ақаулы болуы, жол табанының кеңейіп және тарылып кетуі болып табылады.
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Тоқаев: Үкімет күрделі кезеңде тиімді жұмыс жүргізуде -
Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді тексеру керек -
Ломбардтарға, онлайн-компанияларға және микроқаржы ұйымдарына тексеру жүруде -
Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды -
Елордада жол сапасын тексеру жұмыстары күшейтілді -
Шымкенттегі әуежай аумағында 485 көлікке арналған автотұрақ салынуда -
Қазгеология Қарағанды облысында дала жұмыстарын жүргізуде -
COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кім өте алады? -
1-сәуірдегі жағдай. 348 науқас тіркелді -
А.Сарқұлов: "Қазақстанның Даму Банкі" ҚР экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды -
Қ.Тоқаев тексерулер мен профилактикалық қадағалауды жүргізуге мораторий енгізді