- Басты
- Жаңалықтар
- Қала күні 70-тен астам шара ұйымдастырылады
Қала күні 70-тен астам шара ұйымдастырылады
Бұл ретте мереке қарсаңында «Астана игілігі үшін» деп аталатын акция өтеді. Бұл акция азаматтарды өзара түсіністікке меңзейді, Астананың әр тұрғынына өзін үлкен отбасының бір мүшесі ретінде сезінуге әсер етеді. Сонымен қатар, «Қайсар керуен» қайырымдылық веложарысында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов астана көшелерін велосипедпен аралайтын болады, деп Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» жыл сайынғы көшпелілер өркениеті фестивалі әдеттегідей дуалды қала формасында емес, жәрмеңкеге арналған шатырлы кешен ретінде ерекшеленбек.
Сахна дәстүрлі түрде өзенге құрылады, ал оның сыртқы көрінісі шығыс сарайын еске түсіретін болады. «Астана-арқау» түркі музыкасы фестивалі бірқатар елдердің аспапшылары мен әншілерінің басын қосады. Фестивальға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Алтай, Тыва, Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Дағыстан елдерінің музыканттары қатысады.
Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін шараларға тоқталсақ, «Сарырақа» республикалық велотрегінің сахнасында биыл «The Jigits», «Пицца», Blue топтары, Ғалымжан Молданазаров, Кайрат Нұртас, Полина Гагарина және аты әзірге құпия әлем жұлдызы өнер көрсетеді. Роза Рымбаева, Юрий Антонов және «Дос мұқасан» тобы мен «Жетіген» ретро концертке қатысады.
Қала күніне арналған мерекелік шаралар билеттері сатылымынан түскен қаржы әдеттегідей мүгедек балалардың еміне жұмсалады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі