- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үй шаруашылығы басшыларының 76% өз тұрмыстарына қанағаттанады – Статагенттігі
Қазақстанда үй шаруашылығы басшыларының 76% өз тұрмыстарына қанағаттанады – Статагенттігі
Зерттеудің мақсаты 12 мың үй шаруашылығы басшыларының өз үй шаруашылықтарын шартты әлеуметтік топтың біреуіне жатқызуды ұсыну арқылы субъективті бағалауы болып табылды, деп статистика агенттігінде хабарлады. Зерттеу нәтижелері бойынша сұралған респонденттердің жартысы немесе 50,7% өздері басқаратын үй шаруашылықтарын орта топқа, 45,5% - кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайтындарға, 2,0% - аз қамтылғандарға және тек 1,8% жоғары орта топқа жатқызды.
Зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 76,0% өз тұрмыстарына қанағаттанған, бұл ретте олардың көп үлесі ауылды жерде - 77,0% (қалада - 75,4%) екенін атап өткен жөн. Мұндай үй шаруашылықтарының өмірге сенімділігі олардың санынан 77,4%-ның өз балаларының олардан жақсырақ өмір сүретіндігіне сенетіндігімен расталады.
Үй шаруашылықтары басшыларын зерттеу барысында үй шаруашылықтарының тұрғылықты жеріндегі қауіпсіздік дәрежесі туралы сұраққа 92,4% өзін толық қауіпсіздікте немесе жеткілікті қауіпсіздікте сезінетіндіктерін көрсетсе, үй шаруашылықтары басшыларының 7,3% қорқынышта сезінетіндігін көрсеткен және тек 0,3% өздерін қауіптілікте сезінген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді