- Басты
- Жаңалықтар
- Омбы облысында Қазақстанда өндірілген 3D панельдерден экологиялық үйлер салынады
Омбы облысында Қазақстанда өндірілген 3D панельдерден экологиялық үйлер салынады
Кәсіпорын Ресей федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігімен, Омбы облысының үкіметімен, Омбы облысының әкімшілігімен, «Омбы өңірлік ипотекалық корпорациясы» ААҚ-мен және «Севержилстрой-1» ЖШҚ-мен тұрғын үй құрылысының инновациялық, қуат үнемдейтін жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды, деп KAZNEX INVEST хабарлады.
Тараптар 3D панельдер технологиясын пайдаланып салынатын тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жыл сайынғы көлемін белгіледі: 2014 жылы – 20 дан 50 мың шаршы м. дейін, 2015 жылдан 2018 жылға дейін – жыл сайын 120 мың шаршы м. дейін.
Құжатқа сәйкес, «Констракшн KZ» компаниясы Атыраудағы зауыттан өнімді құрылыс алаңдарына жеткізетін болады, шеф-монтаж, техникалық бақылау үшін жауап береді, сондай-ақ жобалау барысында жобаға қатысып жатқан аумақтық жобалау ұйымдарына іс жүзіндегі жәрдем және ықпалдастық көрсететін болады.
Үш қабатты жеңілдетілген 3D панельдерді пайдаланып құрылыс жүргізудің кешенді жүйесі азаматтық, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыстың сейсмикалық тұрақты, қуат үнемдейтін ғимараттар мен құрылыстарын тез әрі арзан тұрғызуды қарастырады. Құрылыстың бұл технологиясы Еуроодақ, Канада, Америка елдерінде кеңінен тараған.
«Констракшн КZ» ЖШС жеңілдетілген тұрғын үй құрылысына арналған 3D панельдерді өндіру бойынша Қазақстандағы жалғыз компания болып табылады. Өндірістік қуаты — жылына 1,2 млн. шаршы метр. Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2010 жылы пайдалануға берілген.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды