• Басты
  • Ж.Асанов: Мемлекеттік тіл – мемлекет саясатының басым бағыты (ФОТО)
30 Мамыр, 2014 12:28

Ж.Асанов: Мемлекеттік тіл – мемлекет саясатының басым бағыты (ФОТО)

Мемлекеттік тіл саясат мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тіл» тақырыбындағы республикалық байқаудың ашылу салтанатында мәлімдеді.

Ж.Асанов: Мемлекеттік тіл – мемлекет саясатының басым бағыты (ФОТО) | Strategy2050.kz

Осы себепті байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты мемлекеттің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, прокуротура органдарында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мен насихаттау болып табылады.

Бәйгеге 19 команда қатысты. Олар Бас прокуратураның Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитеті, Астана, Алматы қалалары прокуратуралары, Бас әскери прокуратура, Бас транспорттық және облыстық прокуратура.  

Әр топ мемлекеттік тілді білу деңгейлерін  көрсетіп, оны кәсіби қызметте пайдалану қабілеттерін таныстырды. Байқауға қатысушылар өмірлік және қызметтік жағдайларда ауызекі сөйлеу мүмкіндіктері мен қызметтік құжаттарды аудару сапасы бойынша бағаланды. Сонымен қатар, алқа мүшелері сот өндірісіндегі мемлекеттік айыптаушылардың шешендік өнері мен сөйлеу сапасын тексерді.

«Мемлекеттік тілдің қолданылуы құқықтық шешімдерде айтарлықтай маңызға ие. Қазақстанда сот өндірісіне қатысты түрлі заңдар мен шешімдер қабылдануда. Әрбір азамат күнделікті өмірде заңдық сауаттылықпен бетпе бет келіп жатады. Сол себепті біз құқықтық терминдердің мемлекеттік тілге аударылуы мен таратылуына маңыз бөлудеміз», - дейді Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі Хабылсаят Әбішев.

Динара Сүгірбаева 

Фото - Азамат Алиев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды