- Басты
- Жаңалықтар
- А.Лаврентьев: Қазақстанда 2015 жылы автомобиль өндірісі 60 мың көлікке жетеді
А.Лаврентьев: Қазақстанда 2015 жылы автомобиль өндірісі 60 мың көлікке жетеді
«Машина жасау саласы үшін интеграция одан әрі дамудың жалғыз мүмкіндігі. Жалпы, интеграцияның аясында елімізде экономиканың жаңа саласы машина құрылысы дамыды. Енді міне алдымызда 170 млн халқы бар нарық ашылып отыр. Бұл одан әрі даму үшін қажеттіліктердің бірі», - деді А. Лаврентьев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның ресейлік «Рено АвтоВАЗ» компаниясымен бірлескен жобасы бар. «Шығыс Қазақстанда екі кезекте «Лада» маркалы көліктің ауқымды өндірісі жопарланған. Сонымен қатар, Қостанайда Ресей нарығына шығарылатын Ssang Yong автокөлігі жасалуда», - деп мәлімдеді компания басшысы.
«Беларусьтің арготехника компанияларымен бірлескен кәсіпкерлік құру жолында біз олардың ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізіп отырмыз», - дейді ол.
Қазіргі таңда, оның айтуынша, Жол картасы жұмыстары жүргізілуде. Оның негізінде болашақта сала бойынша атқарылатын жұмыстар мақұлданып, реттелмек.
«2015 жылдың басына дейін біз барлық мәселені пысықтап, болашақтағы атқарар жұмыстарды айқындап алуымыз керек. Қазақстанда 2014 жылы автокөлік өндірісін 45 мыңға дейін жеткізіп, келер жылы оны 60 мыңға дейін арттырмақпыз», - дейді А.Лаврентьев.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды