ЕАЭО елдері болашақ одақ бейнесін қалыптастыруы тиіс – сарапшы

29 Мамыр, 2014 18:58
Еуразиялық экономикалық одақ елдері болашақ одақ образын қалыптастыруы керек, деп мәлімдеді бүгін Еуразиялық телеарна және радио академиясы президиум мүшесі, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Людмила Әділова Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде.

«Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысы бүгінгі таңда өзінше тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің тарихымыз ортақ және болашағымыз да байланысты. Осы тұрғыда халықтардың да ділі мен гуманитарлық құндылықтары да алшақ емес. Бүгінде мемлекет басшылары бір-бірімізді жақынырақ тани түсуге мүкіндік алып отырғанымызды айтады», - дейді ол.

Оның айтуынша, 20 жыл ішінде ұлттық мемлекеттілік қалыптасты, ақпараттық ағым үндесті, «біз өзара жақынырақ таныса түсуіміз керек. Бірлескен гуманитарлық және білім беру жобаларын қолға алғанымыз жөн».  

Барлық жаңалықтар