- Басты
- Жаңалықтар
- Біз дағдарыстарды бірге еңсеруге дайын болуымыз керек – Н.Назарбаев
Біз дағдарыстарды бірге еңсеруге дайын болуымыз керек – Н.Назарбаев
«Біз бүгін ЕАЭО туралы Келісімге қол қоя отырып қазіргі заманның ең ірі экономикалық бірлестіктерінің бірін ресми түрде құрдық. Оның қазіргі халық саны 170 млн-ды құрайды. Жер бетіндегі ең ірі тұтыну нарығының бірі болып табылады. Ірілігі жағынан бұл әлемде жетінші орынға ие. Одаққа мүше мемлекеттердің жер бетіндегі пайдалы қазбалар қорындағы үлесі 40 трлн долларды құрайды. Біздің интеграциялық бірлестік энергетикалық ресурс жағынан әлемдегі теңдессіз одақ болып табылады. Соңғы жылдары экспортқа шығарылатын тауарлар қатарына азық-түлік секторы да қосылды. Одақ өзін өзі толықтай энергия және азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ішкі нарық пен өзге де мемлекеттер нарығына қажетті барлық коммуникацияға ие. Демек, бұл тәуелсіз мемлекеттерге кепілдік беретін ресурсқа иелік етеді деген сөз», - дейді Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, жиырма бірінші ғасырда жаңа экономикалық нақтылық пайда болып келеді. Еуразиялық экономикалық одақты құру жолында ауқымды шаралар атқарылды. Ал алдағы уақытта жаһандық тұрақтылық пен тұрақты даму күтеді. Одақты құру өз алдына, енді оның өміршеңдігін ұстап қала білу керек.
«Интеграциялық байланыстармен өміріміз керемет болып кетеді деп айта алмаймыз. Әрбір мемлекет тиісті жұмыстарды атқаруы керек. Жаңа қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттемелер пайда болады. Мына қарқынмен экономикамыздың дамуына деген сенім мол. Біз бұрын-соңды ешбір одақтың бастан кешпеген жетістігін көріп жатырмыз. Біздің өсу қарқынымыз жоғары. Енді тек алған бетімізден жаңылмау керек», - дейді ол.
Камила Амирова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі