- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО қатысушы елдер халқына жаңа мүмкіндіктер береді – Н.Назарбаев
ЕАЭО қатысушы елдер халқына жаңа мүмкіндіктер береді – Н.Назарбаев
«Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің азаматтарына бүгінгі күннен бастап жаңа мүмкіндіктер ашылды. 170 млн-нан астам халыққа ие бұл одақ бірінші кезекте Еуропа одағынан сабақ алуы керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенген жөн. Еуразиялық экономикалық одақты құра отырып мемлекеттер арасындағы байланыс нығая түсіп, халықтың алдына көптеген мүмкіндіктерді көлденеңнен тартады. Соның ішінде одақтың жастарға берері мол. Осы арқылы мүше мемлекеттің жастары одаққа мүше елдердің ішіндегі қалағанына барып білім ала алады», - деді Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, жиырма жылдай уақыттан бері интеграциялық үрдістер әбден пісіп жетілді. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік деңгейінен өте отырып ЕАЭО түріне айналған ынтымақтастың болашағы зор.
«Үш мемлекеттің де халқы бұдан былай тауар, капитал мен жұмыс күшінің еркін алмасуына қол жеткізеді. Одақтың болашағы аталмыш келісіммен шектеліп қалмақ емес, Армения мен Қырғызстан мемлекеттерінің одаққа енуі туралы ой бар, алдағы уақытта аталмыш мемлекеттердің одаққа енуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, Вьетнам, Үндістан, Израиль және Қытаймен арада экономикалық байланыстарды нығайтып, одақтың экономикалық әлеуетін арттыра түсуіміз керек.», - деді Елбасы.
Бауыржан Мұқанов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі