• Басты
  • ҰКП ЕАЭО туралы Келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев
29 Мамыр, 2014 11:19

ҰКП ЕАЭО туралы Келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге 120-дан астам өзгерістерді енгізді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі брифингісінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.
ҰКП ЕАЭО туралы Келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев

«Өткен жылдың қарашасынан бастап Ұлттық палатаға шарттың мәтіндері келе бастады. Бұл мәтіндер палатаның ресми сайтында жарияланып, талқыға салынып тұрды. Барлығы келісімнің 6 редакцияланған үлгісі жарияланды. 29 мамырда қол қойылады деп күтіліп отырған соңғы нұсқа палатаның 15 мамырынан бастап сайтында жарияланған. Бұл біздің қазақстандық кәсіпкерлерге, жалпы бизнес қауымдастыққа құжатты толығымен зерттеуге, өзінің ұсыныстары мен пікірлерін беруге мүмкіндік берді», - деді Рахым Ошақбаев.

Оның айтуынша, ілкімді істі іске асыру барысында ҰКП сарапшылары 30-дан аса жұмыс кездесулерін өткізген. Тіпті, Астана, Мәскеу және Минск қалаларындағы сарапшылар топтарының отырыстарына қатысқан.

«Нәтижесінде, келісім шарттың барлық бөлімдері бойынаш Палата Үкіметке ресми түрде 120-дан аса ескертулер мен ұсыныстарын жіберді. Айта кетерлік жайт, оның 90%, яғни бизнес ұсыныстардың басым бөлігі отандық келіссөз тобының ресми позициясы», - деді Рахым Ошақбаев.

Сонымен қатар, Рахым Ошақбаев Үкіметтің Ұлттық палата өкілдеріне келіссөздерге қатысуға, келісім баптарының редакцияларын жасауда сараптық деңгейде тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

Бауыржан Мұқанов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды