- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО-ның негізгі қағидасы – ұлттық мүдденің ескерілуі – Р.Ошақбаев (Брифинг бейнебаяны)
ЕАЭО-ның негізгі қағидасы – ұлттық мүдденің ескерілуі – Р.Ошақбаев (Брифинг бейнебаяны)
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді жасақтау барысында Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы нормативті-құқықтық база жақсартылды. Атап айтатын болсақ, өндіріс бойынша келісім жобасында ұлттық өнеркәсіптік саясатты жүргізу белгіленді. Сонымен қатар, біз алдын-ала комисмиямен келіспей өзімізге тән субсидиялауларды жүргізуге қол жеткіздік. Демек, біз ұлттық субсидиялау саясатын жүргізе аламыз. Бұған дейін біз 2017 жылдан бастап өзімізге тән субсидиялауды келісуіміз керек болатын», - деді Рахым Ошақбаев.
Оның айтуынша, бұл сала өте даулы болған. Алайда мамандар каботажды тасымалдауға шектеулерді алып тастау шартын бекітіп, ерекше тарифтерді бекіту қайта ұлттық деңгейде шешілетін болып келісті.
«Энергетика саласында кезең-кезеңімен ортақ электр энергетикасының нарығын қалыптастырылатын болды. Мұндай өзгерістер мұнай, мұнай өнімдері мен газ нарықтарында да жүргізіледі. Біздің есептеумізше бұл өзгерістер энергетикалық инфрақұрылдымдарға қолжетімділікті арттыратын болады», - деді.
«Техникалық реттеу саласында үлкен жетістікке қол жеткізілді. Дәлірек айтсақ, үш мемлекетке бірдей ортақ техникалық реттеумен бірге міндетті ұлттық техникалық реттеу шартын бекіту мүмкіндігін алдық. Бұл бізге өзіміздің ерекшеліктерімізді ескеруге мүмкіндік береді. Келісімнен құрылыс және жобалау шарттары бірыңғай ортақ болмайтын болды. Олар ұлттық техникалық реттеу деңгейінде шешіледі», - деді Р.Ошақбаев.
Бауыржан Мұқанов
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев