- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл орам» құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін аяқталады
«Жасыл орам» құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін аяқталады
«ЭКСПО-2017 аясында «Жасыл орам» жобасы қолға алынады. Бұл ТМД көлемінде теңдессіз жалғыз жоба. LEED алтын стандарты бойынша сертификатталатын жоба жаңартылмалы қуат көздері, материалдар, эко шаруашылық пайдаланылады. Жоба 2017 жылғы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылыған көрмесіне дейін аяқталады», - дейді ол.
Айта кету керек, «Жасыл орам» жобасы «СК Девелопмент» ЖШС мен BI Group холдингі тарапынан жүзеге асырылады. Оған 44 млрд теңге көлеміндегі қаражат Ұлттық қордың дағдарысқа қарсы қаражатынан бөлінеді. Сонымен қатар, тұжырымдама британдық AEDAS компаниясы тарпынан дайындалған. Жобаны іске асыру үшін «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңайындағы 20,5 гектар жер телімі бөлінбек. Жоба аясында тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар салып, паркингтік жерлер мен сауда-сауықтыру және әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтермек.
Н.Турлыбековтың пікірінше, жоба аяқталғаннан кейін ұзақмерзімді ипотекалар беріліп, коммерциялық тартымдылығын арттыруға күш салынбақ. «Жобаны аяқтағаннан кейін біз энергоүнемдегіш үйлер салуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.
Жоба Жасыл Құрылыс бойынша Америкалық Кеңестің LEED стандартымен сертификатталып, аудандардың экологиялық қауіпсіздігіне, тиімді су жүйесі, ғимараттардағы қуат шығынын оңтайландыру мен құрылыс кезіндегі ауа сапасын бақылауды күшейтуге үлес қоспақ.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында «Жасыл орам» жобасын дайындау тапсырмасы 2013 жылдың 23 қаңтарындағы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиында елорда әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-на берілген болатын.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде