- Басты
- Жаңалықтар
- Индустриалды аймаққа енетін кандидат кәсіпорындар экологиялық нормаларға сай болулары тиіс – А.Есімов
Индустриалды аймаққа енетін кандидат кәсіпорындар экологиялық нормаларға сай болулары тиіс – А.Есімов
Құрылыс, тамақ өнеркәсібі және машина жасау салалары бойынша бірқатар жобалар талқыланды, деп Алматы әкімдігінде хабарлады.
Қала басшысы өтініш берген компаниялардың терең экологиялық сараптамалардан өтулері қажет екендігін айрықша атады. Әкім өз сөзінде экспортқа шығатын өнімдер мен импорттық тауарлар қала тұрғындарының экологиялық жағдайларынан жоғары тұрмағаны жөн деп қатаң ескертті.
«Қазіргі кезде Индустриалды аймақтан орын алуға қызығушылар қатары молая түсуде әрі олардың жеке қаржылары да жетерлік. Бірақ біз әрбір жобаның экологиялық әсері болатындығын да естен шығармауға тиіспіз. Кәсіпорын барынша экономикалық рентабельді болғанымен, біз оларды қоршаған ортаға тигізер әсерінің деңгейімен бағалауға тиіспіз», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы орталықтағы ірі кәсіпорындарды Индустриалды аймаққа көшірудің де маңызды екендігін жеткізді. Бұл көліктік және экологиялық басымдылықты азайтар еді. Алматы әкімі жұмысшы тобының мүшелеріне бөлінетін алаң көлемін, жобалардың дер кезінде жүзеге асуын қатаң сараптауды тапсырды.
«Жердің әрбір соткасы үлкен тиімділік әкелуі тиіс. Біз аталған жобалардың жүзеге асуын жіті қадағалайтын боламыз, олар белгіленген мерзімінде орындалуы қажет. Әр құжат мұқият толтырылғаны жөн, егер жобаның орындалуы әлдебір себептерге қатысты ұзаққа созылатын болса, онда бөлінген жер учаскесі тартып алынып, өзге жобаларға берілетін болады», - деді Ахметжан Есімов.
Жиын соңында жалпы сомасы 35 682,7 млн теңге болатын 5 жоба мақұлданды. Егер бұл жобалар жүзеге асса, онда алдын-ала болжаулар бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері