- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде «Болашақ үшін еске сақтау» халықаралық форумы өтеді
Семейде «Болашақ үшін еске сақтау» халықаралық форумы өтеді
«2010 жылы ҚХА «Болашақ үшін еске сақтау» атты жобаны қолға алды, биыл Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні қарсаңында Семей қаласында халықаралық сарапшылардың қатысуымен халықаралық форумы өтеді», - дейді Н.Калашникова.
Оның айтуынша, 2010 жылы Ассамблея посткеңестік кеңістікте алғаш рет тарихшылар форумын өткізуді ұйғарды.
«Аталмыш форум Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ұйымдастырылды. Сонда жиналған тарихшылар саяси репрессия құрбандарын есте сақтау мен мемлекеттер тарихында қалыптасқан күрделі кезеңді түсіндіру әдістерін анықтауға күш салды. Шын мәнінде де, 1937-1957 жылдар аралығында Қазақстан жеріне көптеген ұлт өкілдері жер аударылғаны мәлім», - дейді ол.
«Осы жобаны қолға алған уақыттан бастап өңірлерде Ассамблея қолдауымен өткізілетін ғылыми зерттеулердің санын арттырдық. Нәтижесінде бұл біздің тарих ғылымыздың дамуына серпін беріп, 2010 жылдан бастап аталмыш шараға ондаған мемлекетпен осы тақырыпты зерттеуде байланыс күшейді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30-31 мамырында барлық облыстық және орталық мешіттерде, православтық және католик шіркеулерінде саяси сүргін құрбандарын еске алып, рухтарына дұға бағышталмақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді