- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жолбарыс популяциясын қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Астанада жолбарыс популяциясын қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су министрі Нұрлан Қаппаров, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.
Аталған шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген мнистр Н. Қаппаров ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың конференция қатысушыларына жолдаған хатын оқыды, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.
«Аталған бағдарламаның іске асырылуы Қазақстанның экологиялық дамуында жаңа бағыт ашып, ертеректе жойылған түрлердің қалпына келтірілуіне жаңа экожүйелік тәсілдеме қолдануға жағдай тудырады. Жоба шеңберінде мемлекеттік ұлттық паркты құру, тоғайлы ормандарды қалпына келтіру, флора мен фаунаның түрлік әралуандығын ұлғайту бойынша үлкен жұмыс атқарылады. Мемлекет қажетті көмек көрсетеді»- делінген ҚР Премьер-министрінің хатында.
Жолбарысты реинтродукциялау мүмкіндіктері қарастырылғаннан кейін оның ареалын құрған елдердің көпшілігінде аңның өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін аумақтардың жоқтығы анықталды.
Сондықтан, тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жобасын жүргізу үшін Балқаш көлінің оңтүстік жиегі, Іле өзенінің сағасы мен оның шығыс бөлігін алып отырған аумақ іріктеліп алынды. Жолбарыстың мекендеуіне ыңғайлы аумақ 1 миллион гектар алқапты алып отыр.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері