- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО аясында Самұрық-Қазына үшін бәсекелестік деңгейі өседі – Е.Досаев
ЕАЭО аясында Самұрық-Қазына үшін бәсекелестік деңгейі өседі – Е.Досаев
«Өздеріңізге де белгілі, ертең Еуразиялық экономикалық одақтың құрылатын күні. Қазақстан экономикасының дамуы туралы айтар болсақ, ЕАЭО аясында «Самұрық-Қазынаның» дамуынан айналып өте алмасымыз анық. Менің пікірімше, одақтың жаңа шарттарында біздің қордың бәсекелестік деңгейі арта түспек», - дейді министр.
Оның пікірінше, тауар мен қызметтің ортақ нарығын құруға байланысты мәселелер кезең-кезеңімен дамуды қажет етеді. Компаниялардың алдағы кездесулер шеңберінде ЕАЭО аясындағы «Самұрық-Қазаны» АҚ рөлін талқылау қажет.
«Менің ойымша, кездесулер аясында қордың ел экономикасындағы алар орнын айқындау қажет. Бұрындары біз ел ішіндегі санаулы жобаларды ғана қарастырып, соның ертеңін талқылайтын болсақ, ендігі кезекте біздің нарығымыз 170 млн адамдық ірі кеңістікке айналып, біздің күн тәртібіндегі мәселелеріміз де кеңейе түсті», - дейді Е.Досаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Армения мен Қырғызстан одаққа қосылуға мүдделі болып отыр. Осыған орай Ерболат Досаев аталмыш екі елдің қызығушылық танытуы одақтың қазірден бастап әлеуетін көрсетпек.
«Бүгінде кішігірім экономикаға ие екі ел біздің одаққа қосылуға қызығушылық танытып отыр. Менің пікірімше, бұл одақтың кеңеюінің басы ғана. Бұл үрдіс Еуразиялық экономикалық одақтың болашағынан хабар береді. Осы орайда «Самұрық-Қазына» АҚ біздің экономиканың дамуында айтарлықтай мәнге ие», - дейді министр.
Мадина Нұрбекова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі