• Басты
  • Н. Назарбаев ЕАЭО отырысын өткізудің дайындық мәселелеріне арналған кеңес өткізді
27 Мамыр, 2014 18:34

Н. Назарбаев ЕАЭО отырысын өткізудің дайындық мәселелеріне арналған кеңес өткізді

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Н. Назарбаев ЕАЭО отырысын өткізудің  дайындық мәселелеріне  арналған кеңес өткізді

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы осы аптада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дәлелдеуге тиіспіз. Еліміз ұзақмерзімді болашаққа жоспарланған бұл одақтан пайда көреді. Біз шартқа  экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан қол қоюға ұмтылып отырмыз. Атап айтсақ, біздің еліміздің теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескеру керек, мұны және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті көршілеріміз қамтамасыз ететін болады», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы көршілерімізбен тығыз экономикалық байланыс Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетіндігін атап өтті.

«Біздің елімізде шығарылған тауарлар Ресей мен Беларусьтің нарықтарында бәсекеге түсуі тиіс. Қазақстан тауарларының, капиталының, жұмыс күшінің еркін қозғалысы, бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ байланыстарды күшейту – осының бәрі еліміздің экономикасына пайдасын тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Премьер-Министр К.Мәсімов өз баяндамасында шарттың жобасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес дайындалғанын және онда аса маңызды бірнеше мәселе қамтылғанын мәлімдеді.

«Одақ біздің елімізге қазіргідей турбулентті экономика жағдайында тұрақты әрі орнықты даму үшін зор экономикалық мүмкіндіктер береді. Бұл шартта көпвекторлы саясат жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы одаққа қатысудан бөлек, біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді және өзге де халықаралық бірлестіктермен келісімдер жасауды жалғастырамыз», – деді Премьер-Министр.

К.Мәсімов жалпы құжаттың 4 бөліктен, 28 бөлімнен, 118 баптан және 32 қосымшадан тұратынын да атап өтті.  

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев бүгінгі таңда Үкіметтің тиісті қаулысын келісімдеу мен қабылдаудың мемлекетішілік рәсімдері аяқталғанын мәлімдеді. 

«Шарт жобасы тәуелсіз сарапшылардың сараптамасынан өтті. Сіздің ұстанымыңыз бен тапсырмаларыңызды басшылыққа ала отырып, шарт жобасымен жұмыс барысында экономикалық емес ережелер алынып тасталды. Келіссөздер барысында біз одақты саясиландыруға және оның аясында ұлттық өкілеттілік пен мемлекеттік егемендік мәселелерін талқылауға болмайтындығы туралы ұстанымды қорғап қалдық. Сіздің нұсқауларыңыз бен тапсырмаларыңыз жүзеге асырылғанын, шарт жобасы тараптармен келісіліп, қол қоюға дайын екенін тағы бір рет атап өткім келеді», – деді Б.Сағынтаев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды