Ақордада «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды

27 Мамыр, 2014 17:58
Бүгін Астанада Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматуллиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды.

Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рәсімінен кейін 365 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды.

 

Барлық жаңалықтар