- Басты
- Жаңалықтар
- Ұ. Қарабалин: 2018 жылға дейін аймақтарды газбен қамтамасыз етуді 62%-ға дейін жеткізу жоспарланған
Ұ. Қарабалин: 2018 жылға дейін аймақтарды газбен қамтамасыз етуді 62%-ға дейін жеткізу жоспарланған
«Жыл сайын мемлекет республикалық қазына қорынан аймақтарды газдандыру мақсатында 15-17 млрд теңге көлемінде қаражат бөледі. Бұл өте қомақты қаражат. Айта кетерлік жайт, жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі арттырылып келеді. Осы ретте біз 1208 жылға дейін аймақтарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 62%-ға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Ұ. Қарабалин.
Сонымен қатар, ведомство басшысы еліміздің кейбір өңірлерін газбен қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отырған проблемаларды атап берді.
«Елімізді газбен қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі. Басты себеп, елді-мекендер арасындағы қашықтық. Мысалы, 1 шақырым газ құбыры магистралінің құрылысына 2 млн. долл. астам қаржы кетеді. Ал, облыс орталықтары болса бір-бірінен 500-ден 700 шақырым қашықтықта орналасқан. Демек, 300 мың тұрғыны бар қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін үлкен инвестиция қажет», - деп министр ағынан жарылды.
Сонымен қатар, Ұ.Қарабалин газ саласын дамыту бойынша тұжырымдаманын жасақталып жатқанын тілге тиек етті.
«Біз Елбасының тапсырмасымен Қазақстандағы газ саласын дамыту бойынша тұжырымдаманы жасақтаудамыз. Онда еліміздегі атылмыш саланың түйіткілдері жан-жақты зерттелетін болады», - деп министр баса айтты.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай