• Басты
  • «Қашаған» жобасының жаңа операторы 2014 жылы құрылады – Ұ.Қарабалин
27 Мамыр, 2014 16:36

«Қашаған» жобасының жаңа операторы 2014 жылы құрылады – Ұ.Қарабалин

«Қашаған» жобасының жаңа операторы 2014 жылдың қыркүйек айында құрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
«Қашаған» жобасының жаңа операторы 2014 жылы құрылады – Ұ.Қарабалин | Strategy2050.kz

«Бүгінде NCOC-та басқарудың жаңа жүйесіне бағытталған жан-жақты қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа операторға консорциумға қатысатын компаниялардың  үздік мамандары тартылады», - дейді министр.

Оның айтуынша, оператор жүйесіндегі ұйымдастырушылық өзгерістер 2014 жылдың қыркүйек айында аяқталмақ.

«Бұл мердігерлердің де, біздің де бүгінге дейін жұмыс істеп келген ұйымдастыру жүйесіне деген қанағаттанушылығымызға байланысты. Оның қымбатқа түскені де жасырын емес. Ең бастысы, шешім қабылдау мен ұйымдастырушылық кездері өте ұзақ уақыт жүрді, өйткені иерархия өте қиынға соқты», - дейді министр.

Мадина Нұрбекова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды