- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отанда» ШҚО-дағы ШОБ-ті қорғау жөніндегі жұмыс талқыланды
«Нұр Отанда» ШҚО-дағы ШОБ-ті қорғау жөніндегі жұмыс талқыланды
Қоғамдық Кеңестің сараптама тобы Шығыс Қазақстан облысына іссапар барысында аймақтағы 120 астам бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақта кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғаудың жай-күйін тексерді, деп «Нұр Отанның» баспасөз қызметінде хабарлады.
Қазақстан, Ресей және Белорусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құрудың алдында тұрғанда сыбайлас жемқорлықтан қорғау және отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Әсіресе мұның, негізгі қызметі Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан кәсіпкерлерге қатты қатысы бар.
Ашық аймақ жағдайында бизнестің бәсекеге икемделе алуына жағдай жасау партия мен бүкіл қоғамның міндеті болып табылады. Зор өндірістік әлеуеті бар Шығыс Қазақстан облысы Кеден Одағындағы әріптес-елдердің компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Кәсіпкерлікті қорғау мақсатында 2011 жылдан бастап 2014 жылғы І тоқсан аралығында прокуратура органдары 190 тексеру жүргізді, бұл ретте 2,3 мыңнан аса заң бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін 200 аса қарсылықтар мен ұсыныстар енгізілді. Мәселен, оларды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың 230 астам лауазымды адамдары, оның ішінде 30 жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны бойынша жергілікті әкімдіктер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері көш бастап тұр.
Отырыстың нәтижелері бойынша қаулы қабылданды, онда кәсіпкерлікті жемқорлықтан қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған мүдделі құрылымдарға арналған нақты ұсынымдар баяндалған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері