ҚДБ несиелік тәртіпті оңтайландыруды жалғастыруда – А. Достияров

26 Мамыр, 2014 17:52
ҚДБ несиелік тәртіпті оңтайландыруды жалғастыруда. Жыл басынан бастап бірінші айналымдағы құжат 12-ден 18-ге дейін қысқарды. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров мәлім етті.

«Банк портфеліндегі жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 2013 жылдық көрсеткіш бойынша  40 пайыздан асып кеткен еді. 2013 жылы өткен «Қазақстанның инвестициялық қорымен» бекітілген келісім қажеті жоқ активтерді 3 есеге қысқартты, яғни бүгінгі таңда оның үлесін 13 пайызға жеткізді», - деді ол.

Оның айтуынша, Даму банкі үшін бұл серпін беріп, одан әрі дамуға үлкен септігін тигізді.

Сондай-ақ, ол бүгіннің өзінде банк несиелік тәртіпті оңтайландыруды жалғастырып жатқанын айтты.

«2014 жылдың басынан бастап, Мемлекет басшысының әкімшілік кедергілерді жою тапсырмасын орындау мақсатында бірінші кезектегі құжаттарды жинау 12-ден 18-ге дейін қысқарды. Атап айтсақ, осы деңгейде несиелік тарих пен көп құжаттың қажеті жоқ. Несиені қарау уақыты 40 пайызға қысқартылды», - деді А. Достияров. 

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар