- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын электр энергиясының көлемі өсуде – Д.Тұрғанов
Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын электр энергиясының көлемі өсуде – Д.Тұрғанов
«Экспортқа келер болсақ, облысымыздың басты тауары глинозём, алюминий, электроэнергия, көмір мен өзге де бірқатар тауарлар болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан Ресейге шығатын электр энергиясы өсіп келеді», - дейді Д.Тұрғанов
Оның айтуынша, 2013 жылы Ресейге жөнелтілген электр қуаты көлемі сағатына 2,5 млрд киловаттқа дейін жетті.
«Сонымен қатар, көмір экспортының көлемі 16 млн тоннадан жылына 24 млн тоннаға жетті. Павлодар машина құрылысы зауыты өткен жылы Ресейге жалпы құны 2,7 млн долларлық 9 кран сатты. Ал «Нефтехим LTD» 30 мың тоннадан астам полипропилен мен этилтредбутилинді тасымалдайды», - дейді әкім орынбасары.
Сондай-ақ, ол Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын жайлы айтып өтті.
«Жыл сайын аталмыш зауыт батыс-сібір мұнайының 5 млн тоннасын өңдейді. Қазіргі таңда зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ол өз кезегінде мұнай өңдеу көлемін 7 млн тоннаға дейін арттырып, сапасын Еуро-5 стандарттарына сәйкестендірмек», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы