• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясы бірқатар елдің университетімен келісімге отырды

Мемлекеттік басқару академиясы бірқатар елдің университетімен келісімге отырды

26 Мамыр, 2014 17:11
VII Астана экономикалық форумы барысында Мемлекеттік басқару академиясы бірқатар елдердің университетттерімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келімісге қол қойды.

Сонымен, Дунайдың Кремс университетімен (Австрия), Потсдамск университеті (Германия), Сібірдің Басқару институты - РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясының филиалымен, Башқұртстанның мемлекеттік қызмет және басқару академиясымен келісімге қол қойылды, деп мемлекеттік басқару академиясынана хабарлады.

Халықаралық құжаттар мемлекеттік басқару саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатуға, бірлесіп білім бағдарламасын жасақтауға, екі диплом бойынша білім бағдарламасын жүзеге асыруға, халықаралық сарапшыларды шақыруға, бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және онлайн семинарлар мен конференция ұйымдастыруға бағытталған.

 

Барлық жаңалықтар