- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО келісім шарты экономикалық әрекеттестікке бағытталған – С. Ордабаев
ЕАЭО келісім шарты экономикалық әрекеттестікке бағытталған – С. Ордабаев
«Біз келісімді саясиландыруға жол бермедік. Одақ тек қана экономикалық байланыс негізінде жұмыс жасайды. Қазақстанның позициясы арқасында келісімнен жалпы азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, төлқұжат-виза саласы, шекараны ортақ қорғау, экспорттық бақылау тәрізді т.б. сұрақтар алынып тасталды. Тізім өте үлкен», - деді С.Ордабаев.
Осы ретте атап өтерлік жайт, болашақ келісімнен алынып тасталған салалар ешқайда кетпейді, ешқандай «сұрғылт» аймақ жоқ, деді ол.
«Бұл мәселелер Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы, сол сияқты ТМД аясындағы екіжақты және көпжақты құжаттар арқылы реттеледі. Сондықтан ешқандай құқықтық ваккум болмайды. Бұл одақтың ерекшелігі тек экономикалық сұрақтар ғана болмақ. Сондай-ақ, үлкен әлеуметтік блокты алып тастадық. Бұл сұрақтар да екіжақты және көпжақты тұрғыда реттеледі», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, келісімнің институционалдық бөлігі мен оның үш қосымшасы – Еуразиялық экономикалық комиссия туралы, Одақ сотының мәртебесі, комиссия қызметкерлерінің дәрежесі туралы құжаттардан басқа, тағы екі құжатқа қатысты келісімге жетті.
«Бұл халықаралық қызметті іске асыру тәртібі мен одақтың үшінші елдермен халықаралық құжаттарды дайындау мен қол қою тәртібі туралы келісімдер. Соңғы екеуінде құжаттың негізгі мәні айқындалған», - деді С.Ордабаев.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда