Ақмола облысында 13 үйдің құрылысы басталады

1 Қыркүйек, 2013 00:00
Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың бастамасымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды «Стратегия - 2050» ресми сайты.

Сессияда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 5 мәселе қаралды. Аймаққа республикалық бюджеттен трансфер түрінде 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы баспана құрылысы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Өңірде 13 үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда, оның ішінде 7 тұрғын үй облыс орталығында салынады.

Сонымен қатар сессияда әкімшілік реформа аясында Степногор, Ақкөл, Ерейментау, Шортанды ауданының әкімшілік-аумағының құрылымы мен Степногор және Ақкөл аудандарының шекарасына өзгерту мәселесі де қаралған. Атап айтқанда Ақкөл ауданының Қырық құдық, Бөгенбай және Степногорское ауылын, Ерейментау ауданының Изобильное ауылы Степногорға берілді. Сонымен қатар Дамса селолық округы Научный кентіне өтті. Бұл шаралар жергілікті халықтың келісімімен және жергілікті атқарушы, өкілетті органдардың келісімімен жүзеге асырылды, деп атап өтті отырысқа қатысушылар. 

Барлық жаңалықтар