- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында шұбат пен қымыз өндіретін кешен ашылды
Атырау облысында шұбат пен қымыз өндіретін кешен ашылды
Кешеннің бас инженері Мұхит Көшербаев облыс басшысына өндіріс барысын таныстырды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Кешенде тәулігіне 210 литр шұбат, 1800 литр қымыз өндіру және жылына 1080 кг жылқы, 735 кг түйе етін өндіруді жоспарланған. Қазір 150 литр шұбат пен 60 литр қымыз ғана шығара бастады. Бүгіннен бастап 25 адам толық жұмыспен қамтылады. Болашақта тауар көлемін арттырып, оны Ресейге, алыс шет елдерге шығару - ойдағы іс.
Қожалық алған несиесіне 142 жылқы және 40 бас түйе сатып алса, «КазТехПром-Сервис» ЖШС арқылы қымыз, шұбат құятын қораптарды дайындайтын қондырғыларды да алыпты.
Қымыз бен шұбат арнайы бір тонналық бөлек-бөлек қазанға жиналады да, содан соң өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген температурада қыздырылып, қайта суытылады.
Осы жерде арнайы зертханада өнімнің сапасы тексеріліп барып, бір литрлік құтыға құйылады. Бұл жұмыстың бәрі автоматты түрде жүріп отырады. Негізінен кешен ресейлік және италияндық технологиялармен жабдықталған.
«Елбасының тапсырмасына орай қазір ауыл шаруашылығымен шұғылданамын деушілерге барлық жағдай бар. Бұл сала қазір табыстың көзіне айналып отыр. Өзгенің өніміне көз сатпай Атырау өңірінде мал өсіріп, егін салып, өз өнімімізді шығаруымыз керек», - деді аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда