- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Албанияның Үкімет басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Албанияның Үкімет басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Келіссөз барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан-Албания ынтымақтастығын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Үкіметтер басшылары экономиканың түрлі салаларында өзара іскерлік қарым-қатынастарды тереңдету қажеттілігін атап көрсетті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Атап айтқанда, Э.Рама мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, туризмді дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бағытындағы екі жақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтты.
Өз кезегінде, К.Мәсімов қосарланған салық салу жүйесін алып тастау және инвестицияларды өзара қорғау туралы құжаттарды әзірлеуге міндетті үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.
«Біздің елдеріміздің арасында екі ел байланыстарының дамуына тың серпін беретін осындай үкіметаралық келісімдерді бекітудің маңызы зор»,- деді К.Мәсімов.
Кездесу нәтижесі бойынша Үкіметтер басшылары Бірлескен декларацияға қол қойды. Декларация аясында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар мен саяси диалогты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау туралы келісімге келді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды