Алматы облысында «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиыны өтеді

25 Мамыр, 2014 14:56
Алматы облысында 26 мамыр күні ҚР ТЖМ-інң «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2014» құтқару бөлімшесінің 19-ыншы халықаралық жиын-семинарының салтанатты ашылуы өтеді.

Шараға Әзірбайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Белорусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасы құтқарушылары қатысады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ашылу салтанатына Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының бас хатшысы Кувшинов В.В, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы бас хатшысы орынбасары Латыпов Х.А, Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік министрінің орынбасары Ли Цзян мен БҰҰ, ЕО, Германия, Франция және РФ бақылаушылары қатысады.

 

Барлық жаңалықтар