- Басты
- Жаңалықтар
- Кәрім Мәсімов малайзиялық инвесторларды ҮИИДМБ жүзеге асыруға қатысуға шақырды
Кәрім Мәсімов малайзиялық инвесторларды ҮИИДМБ жүзеге асыруға қатысуға шақырды
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелерін талқылады, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы хабарлады. .
ҚР Үкіметінің басшысы Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама сәтті іске асырылып жатқанын атап көрсетіп, малайзиялық инвесторларды осы бағдарламаға белсенді түрде қатысуға шақырды.
К.Мәсімовтің айтуынша, мұнай-газ және тау-кен, индустриялды өнеркәсіп, білім беру, шағын және орта бизнес, туризм салалары бойынша өзара іс-қимылды дамытудың болашағы зор.
«Қазақстан Үкіметі жасалған шарттарға 10 жылға тұрақтылық беру, салық жеңілдіктері мен шетелдік мамандарды тарту сияқты инвесторларға жаңа мүмкіндіктер беруді көздейтін заң жобасын дайдындады»,- деді ҚР Премьер-Министрі.
Сондай-ақ, К.Мәсімов малайзиялық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Н.Разак Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып отырғанын атап өтті.
«Қазіргі таңда Қазақстанда қуатты экономикалық өсім байқалып отыр. Бізде екі жақты әріптестікті әрі қарай дамытудың үлкен әлеуеті бар»,- деді Малайзия Премьер-Министрі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Kazakhstan Methanol Limited» және «Kenmakmur Holding Sdn. Bhd.» компаниялары арасында осы өңірде метанол және сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыттардың құрылысы жөнінде шекті келісімге қол қойылды.
Жамбыл облысының әкімдігі мен «Agrostan Farms Sdn. Bhd.» компаниясы мал шаруашылық фермаларын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады