- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Албанияның Премьер-Министрімен кездесті
Н. Назарбаев Албанияның Премьер-Министрімен кездесті
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың негізгі жайттары талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Албаниямен қарым-қатынасты жолға қоюға деген үлкен ықыласы бар екенін атап өтті.
«Жалпы алғанда, біздің ел үшін Еуропа ірі экономикалық серіктес болып саналады, алайда Албаниямен арамызда айтарлықтай қарым-қатынас жоқ. Өкінішке қарай, елдеріміз арасында экономикалық ынтымақтастыққа негіз болатын құжаттарға қол қойылмаған. Сіздің келуіңіз осы бағыттағы келіссөздерді бастап береді деп үміттенемін. Экономикалық ынтымақтастық, инвестицияны өзара қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау, визалық режім туралы келісімдерге қол қою қажет. Бұл біздің компанияларымыздың бірлесіп жұмыс жүргізуіне негіз қалайды», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Эди Рама қабылдау үшін алғысын білдірді және Қазақстан туралы өзінің жақсы хабардар екенін айтты. Сондай-ақ, ол елдеріміздің арасында мәдени салада ортақ жайттардың көп екеніне назар аударды.
Албания Премьер-Министрі әлеуетімізді ескере отырып, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту қажеттігі туралы пікірмен келісетінін білдірді. Түрлі халықаралық құрылымдар аясында тиімді ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын да атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады