- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-дағы «OSKEMEN EXPO -2014» көрмесіне әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысуда
ШҚО-дағы «OSKEMEN EXPO -2014» көрмесіне әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысуда
Шараға ҚР үкімет мүшелері, ҚР Парламент Сенаты және Мәжілісі депутаттары, сондай-ақ 12 елдің өкілдері – Нобель сыйлығының лауреттары, ірі кәсіпкерлер мен ғалымдар және әлемнің түкпір-түкпірінен елшілер қонаққа шақырылған.
Көрме өткізудегі мақсат – ғылыми-техникалық жетістіктерді паш ету, жаңа «жасыл» технологияларды енгізу, халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Сонымен қатар, 2014 жылдың ақпанында «Болашақтың энергиясы» жобалар байқауы өткізілген болатын. Жалпы саны 86 өтінім қарауға алынды.
Сараптама тобының үш отырысының қорытындысы бойынша 21 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «OSKEMEN EXPO -2014» жиынын өткізудегі мақсат осы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау.
«OSKEMEN EXPO-2014» шарасын өткізу аясында «Жасыл апталық» қолдауымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл апта Өскемен қаласының Жас өнертапқыштары слеті, «ЭКСПО аллеясы» 2017 жас ағаш егу акциясы, спорт әуесқойлары арасында «Жасыл шақырым» жарысы, облыс орталығындағы ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастырылған флеш-мобтармен ерекшеленді.
Айта кетейік, көрмеге 24 инновациялық жоба қатысуда.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
Жас аналарға арналған отандық «SuperMoms club» жобасы әлемдік нарыққа шықпақ -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты