- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында Н. Қаппаров екіжақты кездесулер өткізді
АЭФ аясында Н. Қаппаров екіжақты кездесулер өткізді
Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Паулу Порташпен өткен кездесу барысында екі ел арасында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп ЭБЖМ-де хабарлады.
Сонымен қатар министр Орталық Азия елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі үшін жағдай жасау мақсатында құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөнінде баяндады. Осы тұрғыда Н. Қаппаров Португалияны бағдарламаға қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Паулу Порташ Португалияның кешенді құрылыс пен инфрақұрылымдық объектілерді басқару салаларында жинақтаған тәжірибесінің Қазақстан үшін қызықты бола алатындығын атап өтіп, португалдық бизнес өкілдерінің «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысуға мүдделілігін жеткізді.
Эстонияның парламенттік тобының жетекшісі Денис Бородичпен өткізген кездесуі барысында Н. Қаппаров қоршаған ортаны қорғау, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық, Қазақстанда «жасыл» жобаларды бірлесіп іске асыру және Эстонияның «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды.
Денис Бородич Эстонияның жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысуға дайын екендігін растады.
Н. Қаппаровтың Еуропалық қайта құру және даму банкінің Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша атқарушы директоры Оливье Декамппен өткен кездесуде инвестициялық ынтымақтастық және қалдықтарды қайта өңдеу, энерготиімділікті арттыру, су шаруашылығы инфрақұрылымы салаларындағы жобаларды бірлексіп іске асыру мәселелері талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады