- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Малайзияның Премьер-Министрімен кездесті
Елбасы Малайзияның Премьер-Министрімен кездесті
Қазақстан Президенті түрлі жайттар жөнінен екі елдің ұқсастығына назар аударды.
«Біз этностардың әралуандығымен, діннің өзара ықпалдастығымен, сыртқы саяси қызметімізбен, экономикаға қатысты көзқарастарымызбен ұқсаспыз. Сондықтан біздің ел Малайзиямен ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибесін қолдануға, бұл елде мемлекеттік қызметшілер мен студенттерімізді оқытуға мүдделі. Наджиб Тун Разактың бүгінгі сапары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге алып шығады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастардың дамуының оң қарқынын атап өтті.
Наджиб Тун Разак келіссөздер барысында «Петронас» компаниясы тарапынан Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салу мүмкіндігі де сөз болғанын айтты.
Бұған қоса, ол елдеріміздің көптеген халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымдары ұқсас екендігін атап өтті.
Соңында Малайзия Премьер-Министрі өзінің сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға, тереңдетуге септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде