• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша 4 орын жоғары көтерілді - Ғ.Оразбақов (ФОТО)

Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша 4 орын жоғары көтерілді - Ғ.Оразбақов (ФОТО)

23 Мамыр, 2014 18:19
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша 4 орын жоғары көтерілді, деп VII Астана экономикалық форумында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлім етті.

«Соңғы кездері Қазақстанда монополияға қарсы саясат нығайтылып келді. Нәтижесінде, Қазақстан «Монополияға қарсы саясат тиімділігі» индикаторы бойынша әлемдік рейтингте 4 орын жоғары көтеріліп, 91 орынға тұрақтады», -деп Ғ. Оразбқов хабарлады.

Конференция барысында  Ғ. Оразбақов бәсекелестік мәселесі бойынша диалог алаңын құруды ұсынды. Оның айтуынш аталмыш алаң «G-Global» платформасы аясында жұмыс істейтін болады.

«Бұл өз кезегінде әр қатысушыға осы саланы дамыту үшін ұсынысын беруге, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді жаңғыртуға және манополияға қарсы саладағы тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп Қ. Оразбақов атап өтті.

Айта кетерлік жайт, атамыш алаңға қатысу қаржылай шығынды немесе құқықтық міндеттерді артпайды.

Мадина Нұрбекова

Фото- Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар