- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық студенттер G-Global жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді
Астаналық студенттер G-Global жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді

Еске сала кетейік, 21 мамыр күні, VII Астана экономикалық форумының бірінші күні Тәуелсіздік сарайының алдында мотошеру бастау алған еді. Оның қатысушылары шамамен 20 елді аралап, барған жерлерінде Қазақстанның халықаралық бастамалары - G-Global жобасы мен Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттайды. 23 мамыр күні бұл топ Ресеймен шекара жақтағы Қостанай облысының ауылына жетті.
Бірдей футболкалар мен қалпақшалар киіп алған флешмоб қатысушылары көкке «G-Global» логотипі бейнеленген екі мың түрлі-түсті шар ұшырды, деп форум ұйымдастырушылары хабарлады.
Студенттердің айтуынша, бұл акция - Қазақстан жастарының күллі әлемді G-Global алаңына қосылып, жаһандық мәселелердің шешімін бірлесіп табуға шақыру үшін өткізілген.
Мотоциклдағы саяхаттанушылар үлкен маршрутты басып өтеді, олар барған жерлерінде Қазақстанның мәдениеті мен жетістіктерімен, «жасыл экономиканың» артықшылықтарымен таныстырып, спорт пен туризмді дамыту туралы, Астана жайлы және G-Global жобасы мен «EXPO-2017» көрмесі туралы айтып береді. Мотошерудің барлық қатысушылары экстремалды бейне түсірілімге арналған «GoPro» камераларымен қамтамасыз етілді.
Соның арқасында телекөрермендер саяхаттанушылардың барлық жүріп өткен жолдарын өз көздерімен бақылап отыра алады.
Жоба 39 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында қазақстандық мотошерушілер 20 елді - Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Германия, Нидерланды, Бельгия, Франция, Швейцария, Монако, Италия, Австрия, Венгрия, Румыния, Молдова, Түркия, Грузия, Әзірбайжан елдерін аралап,
Астананың туған күні - 6 шілдеде елге оралады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары

