- Басты
- Жаңалықтар
- Интеграция аясында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге басымдылық беріледі
Интеграция аясында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге басымдылық беріледі
«Еуразиялық экономикалық одақ құру қарсаңында одаққа мүшелік ететін елдердің өңірлік қарым-қатынас мәселелері маңызды. Осы мақсатта реттейтін нормативті құқықтар базасы жасақталуда. Ол экономиалық тұрғыда байланыс орнатуға, атап айтатын болсақ өндіріске жаңа технологияларды ендіруде, инвестиция тартуда, ғылыми-зерттеу байланыстарын орнатуда маңызды. Бұл одақтың пайдасы зор, оның еркін сауда аймағын құруда, кедендік кедергілерді қалыптасуда, қосымша инвестиция тартуда септігі жоғары», - деді сөз басында аймақ басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, ол ЕАЭО құрудың пайдасы мен тәуекелдерін алдын-ала есептеу мүмкін емес екендігін жасырмады. Алайда, КО ен БЭК пайдасын отандық кәсіпкерлер сезінді, деді ол.
«Қостанай облысы үшін еліміздің басқа өңірлеріндегідей интеграциялық процестер маңызды. Жалпы, аймақтың экономикасы индустриялды-агарарлық бағытта дамиды. Аймақтың ЖӨӨ-нің 33%-дан астамы өндірістік - аграрлық салаға тиесілі. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 310 млрд. теңгеден астам қаражатқа өндірілді және ол 2012 жылмен салыстырғанда 6,6% өсті. Айта кетерлік жайт, біздің өңір үшін ауыл шаруашылығы, аграрлық-өндірістік, өндірістік салада байланыс орнатқан тиімдірек. Себебі, облыс тұрғындарынын 48% ауылда тұрады. Сондықтанда интеграция аясында біз малшаруашылығына және ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеуге басымдылық береміз», - деп Мұрат Дәрібаев ағынан жарылды.
Бұдан басқа, ол, интеграция аясында 5 млн. астам егін алқабы бар аймақ осы салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда, деп атап өтті. Дәлірек айтатын болсақ, бидайды қайта өңдеу, ауылшаруашылығы өнімдерін даярлауда инновациялық технологияларды тарту болып табылады.
«Төрт жыл ішінде аграрлық кешен бойынша жалпы құны 50 млрд. долл. асатын 85 жоба, қайта өңдеу саласында 23 жоба жүзеге асырылды. Күрделі жобаларды жүзеге асыруда ҮИИДМБ септігі зор болды. Аталмыш бағдарлама аясында өңірде негізі 69 жоба іске қосылды. Бұдан басқа машинақұрылысы, ауылшауашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды», - деп аймақтың соңғы жылдары жеткен жетістіктерін Мұрат Дәрібаев тізіп берді.
Сондай-ақ, аймақ басшысының орынбасары бүгінде Ресей, Белорусия елдерінің өңірлерімен байланыс орнатылғанын, ЕАЭО аясында олар нығайтылатынын тілге тиек етті.
Мөлдір Асқар
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді