Жалпыеуразиялық экономиканың негізі ШОБ болуы тиіс – И. Теренченко

23 Мамыр, 2014 16:27
Жалпыеуразиялық экономиканың негізі шағын және орта бизнес болуы керек, деп павлодарлық «Гермес трейд ПВ» зауытының директоры И. Теренченко мәлімдеді.

«Мен Н.Назарбаевтың М. Ломоносов атындағы  ММУ-де оқыған дәрісімен толық танысып шықтым. Мемлекеттердің интеграциялық тапсырмаларын жүзеге асыру идеясында айтылған жалпыеуразиялық экономиканың негізін ШОБ құрауы тиіс деген пікір көңілімнен шықты. Инфрақұрылым құру мен еуразия телекоммуникациясының жүйесін құру өте мақсатты  әрі маңызды жоспар. Бұл Қазақстан мен Ресей экономикасының  дамуына мейлінше серпін әкеледі», - деді кәсіпкер. 

Барлық жаңалықтар