- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан барлық сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі– Б. Сағынтаев
Қазақстан барлық сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі– Б. Сағынтаев
«Біз Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуына келдік. КО мен БЭК аясында келісім және құқықтық негізінде Еуразиялық экономикалық одақ келісім шартының жобасы дайындалды. Қазақстан көптеген интеграциялық идеяларға бастама болғанын атап өткім келеді. Олар сәтті іске асырылуда. Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті өте орасан. Бұған Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына қатысуға үшінші елдердің қызығушылық танытуы дәлел», - деді Б.Сағынтаев.
Б.Сағынтаев атап өткендей, Қазақстан барлық сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, өзара инвестиция көлемін арттыруға мүдделі.
«Біз Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті оның қатысушыларына да, сондай-ақ, Еуразияның барлық елдеріне де пайда әкелетініне сенімдіміз», - деп қосты ол.
Жалпы, Еуразиялық кеңістіктегі интеграция үрдісі 20 жылдық тарихқа ие. Шаруашылық-экономикалық негіздегі бағыттарды сақтау өткен ғасырдың 90-шы жылдары сыр білдіре бастады. Интеграцияның негізгі бағыттаушы күші ретінде экономиканың түрлі саласындағы кооперациялық жүйе болып есептелді.
«1994 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев М.Ломоносов атындағы ММУ-де Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу идеясын ұсынған болатын. Бұл бастаманы сол кезде ғалымдар бірден қолдады», - деді Б. Сағынтаев.
«Мемлекет басшысы сол кезде посткеңестік кеңістікте интеграциялық ұйымдардардың бірігу қажеттігін атап өтті. 20 жыл ішінде ТМД аясында Қазақстан тарапынан интеграциялық бастамалар ұсынылды. Жаңа байланыстар нығая түсті. Бұл үрдіс ол кездері аса маңызды болмады, 200 жылдан бастап қана қозғаушы күшке ие бола бастады», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді