- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында Елбасы БҰҰ өкілдерімен кездесті
АЭФ аясында Елбасы БҰҰ өкілдерімен кездесті
Президентпен кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Гьян Ачария, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Тимор жөніндегі арнаулы кеңесшісі Ноэлин Хейзер және БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының Бас хатшысы Мукиса Китуи қатысты.
Мемлекет басшысы БҰҰ өкілдеріне Форум жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Ұйымның барлық бағыттағы қызметін белсене қолдап келе жатқанына тоқталды.
Қазақстан Президенті Семей ядролық полигоны жабылған күнді БҰҰ ядролық сынаққа қарсы халықаралық іс-әрекет күні деп жариялағанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Алматыда БҰҰ-ның өңірлік хабын құруды ұсынғандығына да тоқталып өтті.
«Бүгінде Алматыда БҰҰ ұйымдарының, бағдарламаларының, қорлары мен мамандандырылған мекемелерінің 18 өкілдігі қызмет істейді. Осы хаб арқылы біз өңірлермен, әсіресе Ауғанстанмен жұмыс жүргізе алар едік», – деді Мемлекет басшысы.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Г. Ачария өз кезегінде Ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның VІІ Астана экономикалық форумына табыс тілеген сәлемін жеткізді. Сондай-ақ БҰҰ жүйесіндегі түрлі бастамалар мен идеяларды Қазақстанның белсене қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкі тобы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Осы рәсімнен кейін Қазақстан Президентіне Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығының 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес-диалогты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығы тапсырылды. Сыйлықты Еуропа Парламентінің мүшесі Марио Давид және Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов табыс етті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды