- Басты
- Жаңалықтар
- Азия елдері жедел дамып келе жатқан әлем көшіне ере білуі қажет – Малайзия Премьер-Министрі
Азия елдері жедел дамып келе жатқан әлем көшіне ере білуі қажет – Малайзия Премьер-Министрі
«Азия елі өкілі ретінде мен Қазақстан мемлекетін үлкен көрегендікпен басқарып отырған Н.Назарбаев мырзаға алғыс айтқым келеді», - деді Малайзия Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, соңғы отыз жылда әлемдік деңгейде жаһандану үдерісінің қарқынды жүріп жатқаны анық. Әрине, оның жағымды жақтарының мол екені анық. Жұмыссыздық азайып, кедейшілікпен күрес үдей түсті.
«Сонымен қатар, жаһандық экономика өрге домалады. Алайда екінші жағымсыз жақтарының да бар екенін айтпай кетпеуге болмас. Негізгі экономика қуаттарының жедел дамуы мен ұдайы экономикалық өсімге талпыну өз кезегінде бірқатар келеңсіздіктерге де жол ашпақ. Осы тұрғыда бізге белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оны бірлесе отырып атқарғанымыз жөн», - дейді ол.
Оның айтуынша, қаржылық дағдарыс кезінде ең ұтымды шара қолданып, дағдарысты еңсере білген елдердің бірі Азия мемлекеттері. Жалпы, қатерлі алдын ала байқай отырып оны дер кезінде басқаруға болады. 1997 жылғы дағдарыста Малайзия банк секторын нығайтуға көңіл бөлді. Экономиканы әртараптандыра отырып жергілікті нарықты күшейтті.
«Негізінен жаһандық дағдарысты еңсерудің ең ұтымды жолы дамушы нарық пен дамыған нарықтың қоян-қолтық жұмыс істеуі», - деді ол.
Бауыржан Мұқанов
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді