- Басты
- Жаңалықтар
- Бразилияның Magnesita кәсіпорны Қазақстанда өз өкілдігін ашады
Бразилияның Magnesita кәсіпорны Қазақстанда өз өкілдігін ашады
VII АЭФ шеңберінде Magnesita және Kaznex Invest экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Magnesita компаниясының Таяу Шығыс, Африка және ТМД бойынша вице-президенті Зелбер Деттонье до Насименто және Kaznex Invest Басқармасының Төрағасы Қайрат Қарманов қол қойды.
Компания отқа төзімді материалдарды өндіруді Қазақстанда ашуға қызығушылық танытып отыр.
Осы бағытта бразилиялық компания әлемде жетекші орынға ие. Ұлттық агенттік өз тарапынан ақпараттық және талдамалық қолдауды, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, әлеуетті серіктестермен келіссөздерді ұйымдастыруда көмек көрсететін болады.
АЭФ күндерінде Magnesita басшылығы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен, «Казгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясымен, «Тау-Кен Самрұқ», «Қарағанды Инвест», Өскеменнің титан-магний комбинатымен,
«Южшахтострой» АҚ-мен кездесулер өткізді.
Айта кетерлігі,бұл Қазақстанға компанияның үшінші сапары. Алдыңғы сапарлар 2013 жылдың соңында және компания қатысқан және Қазақстанда бизнесті дамытуға қызығушылық білдірген Бразилияда Kaznex Invest агенттігімен өткізілген роуд-шоудан кейін сол жылдың басында болды.
Magnesita - әлемде отқа төзімді өнімді өндіру көлемі бойынша үшінші компания және отқа төзімді өнімдердің кешенді шешімдері саласында көшбасшы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда