- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алмақ
Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алмақ
Қазақстандық бидайдың көрші елге экспорттық жеткізілімдерін нығайтуды көздеген құжат екі елдің атынан «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен «Корпорация КОФКО Лимитед» Қытай Ұлттық компаниясының вице-президенті Цзинтао Чжи қолдарымен бекітілді.
Сауда саласында ынтымақтастықты нығайту бойынша қытайлық әріптестермен келіссөздерді «ҚазАгро» Ұлттық холдингі ағымдағы жылдың басынан жүргізуде, келіссөздер қорытындысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 19-20 мамыр аралығында ҚХР-на барған мемлекеттік сапары аясында Келісімге қол қою болып табылады.
Екі жақты мәмілеге сәйкес, «ҚазАгро» Холдингінің Қытай Халық Республикасына экспортты арттыру бойынша жоспарлары туралы хабардар КОФКО Корпорациясы, 2014/2015 жылдары аралығында нарықтық әділ бағамен «ҚазАгро» Холдингі тарапынан 100 мың тонна қазақстандық азық-түлік бидайын импорттауды көздеп отыр.
Бұдан бөлек, екі ел арасында бидай саудасы көлемін арттыру мақсатында, сонымен қатар үшінші елдерге транзитті сауданы жүзеге асыру үшін екі жақ ауыстырып тиеу үшін бидай терминалының құрылысын бірлесе қаржыландыру сұрағын қарастыруға ықыласын білдірді.
Келісімнің бір тармағына сәйкес қытай нарығында қазақстандық астыққа сұраныстың негізінде КОФКО Корпорациясы мен «ҚазАгро» Холдингі Қазақстан мен ҚХР арасында нарықтық экономиканың барлық қағидаларын сақтаумен сауданы жүзеге асыру шартында астық сауда көлемдерін арттыру бойынша барынша атсалысуға ниетті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр